АУДАН ӘКІМІ РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

0
67

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экологиялыұ өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы жылғы Жолдауында «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын.

Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр.

Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін»деп, алдағы қазан айының 6-сы күні жалпыұлттық референдум өткізуге шешім қабылдағанын айтты.атом электр станциясын салу-салмау жөніндегі пікірталас өткізіп, ойларын, ұсыныстарын ортаға салды. Енді жалпыұлттық референдум белгіленген күні дауыс беруге құқығы бар қазақстандық азаматтар сайлау учаскелеріне келіп дауыс барады.

Түркістан облысында да маңызды шешім қабылданатын жалпыұлттық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қызу дайындықтар жүргізілуде. Қалалар мен аудандардағы жергілікті атқарушы органдар өкілдері дайындық жұмыстарын рет-терімен әзірлеп, сайлау учаскелерінің мүшелерін жаппай оқытып жатыр. Бір сөзбен айтқанда 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған Республикалық референдумды өткізу бойынша қарқынды жұмыс істелуде.

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев бірқатар сайлау учаскелерінің дайындықтарын бақылап, сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін сайлаушыларға барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

Жалпы, Шардара ауданы бойынша 33 сайлау учаскесі құрылған. 43 675 сайлаушы бар.

Ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандағы барлық сайлау учаскелері бірінші қабатқа орналастырылып, толығымен пандустар орнатылған. Ауданда ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар 550 сайлаушы бар.

Сондай-ақ, Шардара ауданында Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығының негізінде жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде Шардара қаласында, Алатау батыр, Сүткент, Көксу, Жаушықұм және Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде қарқынды жұмыстар атқарылуда.Сонымен қатар, мүйізді ірі қара малдарына вакцина қарқынды салынып жұмыстар атқарылуда.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – жануарларды тіркеу, оның ішінде бірдейлендіру өнімдерін (құралдарын) пайдалану арқылы жануарларға жеке нөмір беру, таңбалау, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтер базасында мәліметтерді беру және ветеринариялық паспортты беру рәсімі.

Жануарларды бірдейлендіру жануарлардың да, жануарлардан алынатын өнімдердің де қадағалануын қамтамасыз етеді, сонымен қатар эпизоотиялық қауіпсіздік пен азық-түлік қауіпсіздігін тек ұлттық деңгейде ғана емес, сонымен қатар сыртқы нарықтарға сату кезінде де қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – жануарларды тіркеу, таңбалау арқылы жеке нөмір беру және жануар мен оның иесі туралы мәліметтерді электронды дерекқорға енгізу рәсімі. Ереженің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ауылшаруашылық жануарлары бірдейлендіруге тиіс. Заң талабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің төлдері туған күнінен бастап жеті күннен кейін он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі, тек таңбалау кезінде төлдер төрт айлық жастан бастап бірдейлендіріледі.

Сондықтан Шардара ауданының тұрғындары, барлық жеке және заңды тұлғалар өз меншігіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етуге міндетті екендіктерін ұмытпағандары дұрыс.