МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
78

Әрбір өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының орындалуы мемлекеттің қуаттылығын арттырады. Сол өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтереді, яғнм өңірдің де экономикалық қуаттылығын арттырып, даму қарқынына қарқын қосады. Сонда облыстың даму деңгейі, мемлекеттің экономикалық әлеуеті артып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан орын алады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасынан туындайтын міндеттерді орындау барысын үнемі назарында ұстап, қала, аудан басшыларына нұсқаулар беріп, жоспарды орындамаудың салдарының нее соқтыратынын ескертіп отырады. Сондықтан да, жергілікті басшылар тарапынан да жұмысты жоғары деңгейде қйымдастыру жауапкершілігі артады.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілісте 3 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе «Отбасылық цифрлық картасындағы деректерді өзектелендіру бойынша» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М. Құралов баяндама жасады. Отбасылық цифрлық картасы әр отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеп, экономикалық деңгейін анықтап, мұқтаждығына қарай мемлекеттік жәрдемдер мен төлемдер белгілеуге, сол арқылы халықтың тұрмыстық жағдайын қалай жақсартуды жоспарлауға көмектеседі.

Келесі мәселе «мемлекеттік бюджеттің 9 айдың қорытындысымен игерілу болжамы және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы» экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ. Мейманбаев баяндап өтті.

Үшінші мәселе «аудан азаматтарын жеке қабылдау және қабылдаудағы көтерілген мәселелерінің орындалу барысы бойынша аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімшесінің басшысы Н. Қанатбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Барлық мәселелер тыңдалып, қорытындысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев талқыланған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру , жүзеге асыру туралы нақты тапсырмалар беріп, іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.

«Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес барлық деңгейдегі басшылар өз аумағындағы тұрғындармен кездесу жиындарын өткізіп, жасаған және жасалатын жұмыстары бойынша есеп беріп, жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, солардың заң аясында шешілуін ұйымдастырады. Сол сияқты алдын ала белгіленген кестеге сай азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдап, проблемаларын тыңдап, шешу жолдарын қарастырады.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 14 тұрғынның өтініштері қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік көмек беру, тұрғын үй кезегі, жол, ауыз су, газ мәселесі және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында тиісті жауаптарын берді. Сондай-ақ, қатыстылығына қарай салаға жауапты орынбасарларға, бөлім басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Aудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын көркейту, абаттандыру, дамыту жоспары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын бақылау үшін аранайы қала аумағын аралады.

Жаяу аралау барысында аудан басшысы қала аумағында жүргізіліп жатқан санитарлық-тазалық жұмыстарын, сонымен қатар қалаға қарасты Майлықожа көшесінің бойына төлқұжаттың құрылыс жарықшамдарды жаңарту жұмыстарының барысын бақылады.

Атқарылып отырған жұмыстар бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұловқа тиісті тапсырмалар беріп, жұмыстардың жіті бақылауында екенін атап өтті.

Айта кетсек, Майлықожа көшесіне төлқұжат салу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып, жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары басталған. Сондай-ақ, Сарыағаш қаласының 34 көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.