ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ӨТТІ

0
52

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсету саласының жұмысын жақсартып, азаматтардың оған деген қолжетімділігін арттыру мақсатында көптеген  шаралар жасалды. Соның ішінде заң аясында тұрғындардың мәселелерін шешіп, құқықтық көмек ұсыну да қарастырылған. Әкімдердің тұрңындармен кездесулері, жеке қабылдаулары, «Ашық есік» күндері сияқты халықпен қарым-қатынас орнатып олардың мәселелерін тыңдаумен бірге атқарушы органдардың уәкілетті мамандарының қатысуларымен қоғамдық қабылдаулар өткізу арқылы да мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Түлкібас ауданы әкімдігінің халықтық кеңсесінде аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің мамандарының қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан жұмыспен қамту, жер, тұрғын үй, сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік және тағы басқа мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, сала мамандары тарапынан тиісті жауаптар берілді.

Мемлекеттік органдардың ашықтығын көрсету мен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру, заң шеңберінде тиісті уәкілетті органдар арқылы мәселелерді шешу және жүгінген азаматтарға құқықтық көмек ұсыну мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚТО бойынша филиалы Созақ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында 2024 жылдың 27 қыркүйегінде аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша қоғамдық қабылдау өтті.

Аталған шараға Созақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты дербес бөлім қызметкерлері қатыстырылды.

Қабылдау барысында аудан тұрғындарының мемлекеттен дипломмен ауылға бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы алу, құрылыс және сәулет құжаттарын дайындау, жер құжаттарын заңдастыру алу және әлеуметтік көмектерді алу, тұрғын үй алу және тұрғын үй кезегіне байланысты өзекті сұрақтарына тиісті сала мамандарымен жауаптар берілді.