КЕНТАУҒА ЖАПОНИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы егемендігін жариялаған соң әлемдік қауымдастыққа кірігу үшін адамзаттық құндылықтарды, халықаралық адам құқына қатысты шешімдерді орындауды міндетіне алды. Сол сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мелекеттердің көпшілігімен елшіліктер алмасып, өзара қарым-қатынас жасауға көшті. Еліміз егемендік алғалы бері Қазақстанмен тиянақты да өркениетті түрде екіжақты тиімді байланыстар орнатып, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар жасап келе жатқан мемлекеттердің қатарында Жапония да бар.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Жапония делегациясын қарсы алып, келелі әңгіме жүргізді. Делегация құрамында денсаулық сақтау, еңбек министрлігінің және соғыста қаза тапқан жапон әскерлерін іздеумен айналысатын қауымдастық өкілдері бар. Олар Кеңес одағы кезінде тұтқындалып, Қазақстанның аумағында қайтыс болған жапон азаматтарының сүйегін зерттеп, оларды Жапонияға қайтару бойынша жұмыстарды жүргізбек.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы КСРО аумағына 560 мыңнан астам жапон азаматы жер аударылған. Оның біразы осында қаза тауып жерленген. Жапония мемлекеті ұзақ жылдардан бері жат елде қалып қойған отандастарының зиратын тауып, сүйектерін туған еліне қайтармақ. Түркістан облысы аумағында жапониялық тұтқындардың жерленгені туралы деректер бар. Соның бірі Кентау қаласында жүзеге асырылмақ.
Кездесуде осы мәселе талқыланып, қала әкімі Жандос Тасов заңға сәйкес тиісті қолдау жұмыстары жүргізілетінін айтты.
Сондай-ақ, Кентау қалалық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусізов төрағалық етті.
Күн тәртібінде 11 қаралды. Атап айтқанда:
- Кентау қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуының есебі туралы;
- Кентау қаласының 2024-2025 жылдардағы қыс мезгіліне тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету барысының есебі туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №70 «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Ащысай ауылы әкімінің 2023 жылдың қорытындысымен және 2024 жылы атқарылатын жұмыстардың есебі;
- Байылдыр ауылы әкімінің 2023 жылдың қорытындысымен және 2024 жылы атқарылатын жұмыстардың есебі;
- Хантағы ауылы әкімінің 2023 жылдың қорытындысымен және 2024 жылы атқарылатын жұмыстардың есебі;
- Қарнақ ауылы әкімінің 2023 жылдың қорытындысымен және 2024 жылы атқарылатын жұмыстардың есебі;
- Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы;
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы»;
- Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 наурыздағы №94 «Кентау қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы. Аталған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.