ЖҮЗІМДІК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӨЗ ШЕШІМІН ТАБУДА

0
56

Мемлекет басшысының әкімдердің өзі басқаратын аумақтың тұрғындарымен жүйелі түрде кезедесіп, ел алдында тақарған және атқаратын жұмыстары туралы есебін беріп, алдағы жоспарларымен бөлісіп, халықтың ұсыныс пікірлеріне құлақ түріп, олардың маңыздыларын жүзеге асыруын міндеттеген жарлығына және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындармен жоспарлы кездесулерін өтізіп, арнаулы кестеге сай жеке қабылдаулар жасап жұртшылықтың өтініш-тілектері, арыз-шағымдары мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олар көтерген мәселелер мен айтқан өтініштерді заң аясында орындауды жүзеге асырып келеді.

Келес ауданының Жүзімдік ауылдық округі халқы негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сондай-ақ мал шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округте 3 өндірістік кооператив, 222 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. Жүзімдік елді мекенінде жыл басында 300 орындық жеке меншік «Толағай» бастауыш мектебі пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Жүзімдік ауылынан 50 орындық дәрігерлік емхана құрылысын жүргізу үшін арнайы жер бөлініп, сараптамадан өткен. Биыл облыстық денсаулық басқармасы тарапынан құрылысын жүргізу күтілуде. Кәсіпкер «Азиямед»ЖШС тарапынан медициналық орталық құрылысын биылғы жылы халық игілігене бітірп пайдалануға беру үстінде. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Түркістан облысына қарасты Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың халықпен жүздесу жиындары өтуде. Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен аудан басшы өңірде атақарылып жатқан шараларға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің бүгінгі жай-күйіне талдау жасап, ісшаралар өз бақылауында екендігін жеткізді.

Жүзімдік елді мекені толықтай ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы аудандық бюджет есебінен 3 млн теңге қаржы қаралып, мембраналық сүзгіш орнатылды. Қазіргі таңда таза ауыз сумен 541 абонент қамтылуда. Оңтүстік елді мекенін ауыз су жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық қортынды алынып, құрылысты жүргізетін мердігер анықталды. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Ақсу және Бірлесу елді мекендері бойынша жер асты су қорын анықтау бойынша ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде. Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындары 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылған болса, биыл аудандық маңызға ие Жүзімдік-Ақсу бағытындағы жолдың 2,5 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 12 ішкі көшелердің жобалық сметалық құжаттары экпертизадан өтті.

Аудан әкімімен кездескен Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындары ауылшаруашылығы, инфрақұрылым жүйелері мен білім саласына қатысты сауалдарын жолдап, тиісті жауаптары берілді. Кездесу соңы жеке мәселелерін арқалап келген тұрғындарды жеке қабылдаумен аяқталды.

Жеке қабылдауда тұрғындар өздерін алаңдатқан бірқатар мәселелерін айтты. Олар жеке басына байланысты, қоғамға қажетті, ауылдағы шешуді қажетсінетін тақырыптар бойынша айтылды. Аудан басшысы тұрғындардың көтерген мәселелері мен айтқан өтініш-тілектері мен ұсыныстарын байыппен тыңдап, оларды заң аясында шешу жолдарын түсіндіріп, жауапты мамандарға қолға алуды тапсырды.