«ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Мемлекет басшысы инфрақұрылымдар мәселесін, әуе,теміржол, автокөлік жолдары жайлы айтқанда еліміздің Евразияның дәл ортасында жатқандықтан барлық көліктердің мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жасауында үлкен тиімді жағдайда орналасқандықтан, осы артықшылығымызды тиімді пайдалануымыз керектігін айтып келеді. Сол сияқты көрші елдермен, олардың бір-бірімен қарым-қатынасында еліміздің кедендік бекеттерінің сапалы да ыңғайлы жұмыс жасауы да көп пайда әкеледі. Республикадағы сондай кеден бекеттерінің бірі — Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекеті — тек Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі кеден бекеттерінің бірі саналады. Сондықтан да кеден бекетінің инфрақұрылымын жетілдіріп, өткізу мүмкіндігін жақсартып, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.
Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келгенТүркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов ауданның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды нысандардың құрылыс барысымен танысты. Әкім орынбасары ең алдымен Сарыағаш қаласында салынып жатқан кәріздік тазарту қондырғысын аралап, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Аралау барысында Зұлфұхар Жолдасов құрылыс жұмыстарын егжей-тегжейлі тексеріп, жауапты мамандарға сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар, экологиялық талаптардың сақталуына баса назар аударуды ескертті. Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабуловқа жұмыстарды уақытында аяқтап, қондырғыны белгіленген мерзімде тапсыру жүктеді.
Қазіргі таңда, кәріздік тазарту қондырғысының биореактор қабырғалары тұрғызылып, судың шығу құбыры орнатылған.Электр желісі тартылып, өндірістік ғимарат қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде.
Кәріздік тазарту станциясы іске қосылған соң, сарқынды сулар экологиялық талаптарға сай тазартылып, өңірдің су ресурстарының сапасы жақсарады. Бұл кәріздік тазарту қондырғысы іске қосылғаннан кейін, жыл сайын жүздеген мың текше метр лас су тазартылып, жергілікті экологияға елеулі пайда әкеледі деп күтілуде. Мұндай жобалар өңірдегі су ресурстарын қорғау мен жергілікті халықтың денсаулығын сақтау үшін маңызды рөл атқарады.