БАСҚА ДА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫМЕН ТАНЫЛҒАН ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ҰСТАЗДАР

0
76

Түркістан облысында білім беру саласында үздік те, озат. Білдімді де білікті тәжірибелі де тәлімді ұстаздар көп. Олар заманауи озық әдістермен оқыту шеберлігімен қоса басқа да ерекшеліктерімен көпшілікке танылып жүрген жандар.
Мәселен, қазығұрттық ұстаз Смадияр Каримов жеті тілде еркін сөйлейді. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, өзбек, араб және кәріс тілдерін меңгерген полиглот мұғалім бүгінде аудандағы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында директорлық қызмет атқарады.
Негізгі мамандағы — ағылшын және араб тілі. 2006-2021 жылдар аралығында аталған мектепте ағылшын тілінен сабақ берген. Өзінің айтуынша, ол оқушыларға тіл үйрету барысында арнайы әдістерді қолданады.
«Тіл үйретуде көп әдістерді арнайы сайттардан алып, оны оқушыларыма үйретемін. Арнайы бағдарламалар арқылы оқушыларға қызықты әрі нәтижеге қол жеткізуге болатын тапсырмалар беріледі. Сабақтың басында оқушылардың сөздік қорын көбейтуге септігін тигізетін түрлі әдістерді қолданамын.
“Ұстаз ізденуін тоқтатқан кезде ұстаз болудан қалады”дегендей алдыңда отырған әрбір оқушының жүрегіне жол таба алатындай амал жасап, оның тұлға болып қалыптасуына барымызды салуымыз керек, — дейді мектеп басшысы.
Сондай-ақ, оның жұбайы да ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Отбасында екі ұл, екі қызды тәрбиелеп отыр.
Осы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Қызылсеңгір» жалпы білім беретін мектебінің директоры Уразов Муса Мейрманұлы мен оның жұбайы Уразова Анар Таконқызы отбасында 3 ұл 7 қызды жалпы 10 перзентті тәрбиелеп отыр.
Жары екеуі де ұстаздық жолын таңдап, балаларға үздіксіз білім беріп келеді. Ал тұңғышы Рано — Жетсай ауданы Ш.Қудайберген мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, екінші перзент Рустембек — денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Мухамбетғали – 13 өрт сөндіру бөлімі жүргізушісі, аға сержант. Жұлдызы — жеке кәсіпкер, Нұрсұлтан- ішкі істер департаментінде полиция қызметкері, Әсемгүл — бала бақшада әдіскер, Динара мен Диана – мұғалім, Тұмар мен Гүлнұр — университетте студент.
Сондай-ақ, Муса Мейрманұлының әкесі Уразов Мейрман Оразұлы еңбек өтілі 40 жыл педагог 30 жыл директор қызметін атқарған, көп балала әке.
Айта кету керек, Муса Мейрманұлының жұбайы да білім саласында еңбек еткен. Мектепте мұғалім болып жұмыс істеп,зейнет жасына шыққан. Анар Таконқызы да жолдасына қашан да қолдау білдіріп отырады.
Муса Мейрманұлы қазіргі таңда мектеп директоры қызметін атқарып жүр. Жалпы мектептерде ер мұғалімдер санын арттыру керек деп ойлаймын. Сондықтан шәкірттеріме де, әсіресе ұл балаларға ұстаздық жолды таңдауға кеңес беремін,-дейді 10 перзенттің әкесі.
Тағы бір мұғалімдігіне қоса кәсіпкерлікпен шұғылданып жүрген жан — Қазығұр ауданы, Сарапхана елді мекені, М.Өтемісұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Оразбаев Мұхтаржан.
2009-2013 жылдары М. Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, 2013-2015 жылдары Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауыл округі әкім аппаратында маман болып жұмысын бастаған.2019 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін М.Өтемісұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі болып жұмыс атқаруда.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап шлакоблок дайындау жұмысы мен айналыса бастады. Құрылғы жартылай автоматтандырылған. Бұл жерде шикізатты дайындау, шлакоблок дайындау құрылғысы қолдан құрастырылған.
2021 жылы Фундамент дайындауға арналған құрылғы шығарылды.
Бұрама шұрып өндіру кезінде шұрыптың қуаттылығын артыру мақсатында пеш дайындалды. Шұрыптың тауарлық сұлулығын келтіру мақсатында сыртқы қабатын бояуға арналған құрылғы 2022 жылы шығарылды.
Сондай-ақ, шлакоблоктарының өзі құрылыс блоктарының ерекше түрі болып табылады. Негізі ретінде бетон қолданылады.Сонымен қатар, ерітіндіге әртүрлі қоспалар араласады –деді Оразбаев Мұхтаржан.