ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТУДА

0
112

Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде цифрлық технологияның ендеп кіріумен бірге халықтың көптеген қызметтерді, басқа да қажеттіліктерін электронды түрде алып, уақытын үнемдеуге мүмкіндігі ашылғанымен интернет алаяқтардың кесірінен кейде зиян шегіп, сан соғып қалуы да орын алып жатқанын сондықтан «Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал, биыл одан да көп адам қатысады» деп «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асырып, азаматтардың цифрлық технологиялық  кезеңде қаржылық сауаттылығын ашуды тапсырды.

Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы Сайрам ауданы аумағында қарқынды қолға алынуда. Аталмыш оқу семинары 30 қыркүйек — 4 қазан аралығында Ақсукент ауылдық округіне қарасты № 7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебінде өткізілді.

Семинар барысында «Ұлы дала» ассоциациясы «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, кәсіпкер Айгерім Амиралиева 167 ауыл тұрғынына арнайы дәріс оқыды. Қаржылық бағыттағы шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және «Аmanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов 155 азаматқа сертификаттар табыстады.

Сондай-ақ, Ақсукент ауылдық округінің әкімі Мади Нұрлыбаев, «Аmanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының консультанты Гуломжон Ирискельдиев, «N°7 Бабыр» жалпы орта мектебінің директоры Луиза Малабаева, білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гульнар Нуртанова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлсара Ташимова, Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы Бекзада Махажанова аталған жобаға белсене атсалысты. Бұдан бөлек, «Шымкент шоу» жане «Шаншар» театрының әртістері Қарлығаш Ахметова мен Күннұр Қалмырзаева қатысушыларды құттықтап, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Семинар соңында Айгерім Алиқызы ауыл тұрғындарына банк есепшоттары және несиелерге қатысты мәселелер бойынша қабылдау өткізді.

Айта кетейік, халықтың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған оқу семинары Ақсукент ауыл округінде 7-11 қазан аралығында жалғасын табады.