ЖАС МАМАНДАР ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК АЛДЫ

0
64

Қазіргі заманда электроника мен интернеттің дамығаны соншалықты көпшіліктің ішінде кітапқұмарлардың қатары сиреп барады. Кітапханаларда цифрлық технологиялар енгізіліп, оқырмандар кітапты электрондық түрде де оқитын болды. Бірақ кітап оқу арқылы алынған білімнің адам жадын күшейтіп, есте сақтау қабілетін дамытатынын ұмытпау қажет. Сондықтан да, Түркістан облысында жасөспірім жақтан бастап кітап оқуды өміріне серік етуші кітапқұмарлар қатарын көбейту бағытында жоспарлы жұмыстар тұрақты да жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.
Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің кітапхана қорының әдіскері Жақыпбекова Ремида Тұрғанбекқызының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 9 қазаны күні А.Пушкин атындағы АТМЛ-нің кітапханасында «Әдіскер айдары» рубрикасы аясында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді. «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» тақырыбында жас мамандарға арналып әдістемелік көмек көрсету бойынша өткен жиын ұтымды ұйымдастырылып, қызғылықты да пайдалы болды.
Кітапхана әдіскерінің іс-шарасындағы мақсат кітапханашы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру болды.
Басқосудың күн тәртібінде мынандай тақырыптардағы мәселелер қарастырылды.
Алдымен жас мектеп кітапханашыларының алдында «Түлкібас –тарландары» тақырыбында Мұқтар Шаханов атындағы жалпы білім беру мектебінің кітапхана меңгерушісі Қалбағаева Динара Маратқызы шығып, ауданның талантты тарландары жайлы әңгімелеп берді. Сосын «Кітапханада кітап көрмесін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында тәжірибелі кітапханашы Қожахметова Хансұлу Муташқызы тәжірибесімен бөлісіп, түйгендері жөнінде баяндап берді.
Одан соң жиынға қатысушы жас мамандарға «Мектеп кітапханасындағы регламенттік іс-құжаттардың жүргізілуі мен рәсімделуі жайында кеңінен түсіндірілді. Сол сияқты оқушыларды кітапқұмарлыққа дағдыландыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Ал «Жарқын болашақ иесі –бүгінгі жас маман» тақырыбында Жақыпбекова Ремида Тұрғанбекқызы тренинг өткізді.
Жалпы кітапханадағы оқырманмен жұмыс жасау, кітапханашылардың оқырманды қызықтыруы мен кітап оқуға қызықтыруы сияқты әртүрлі мәселелер жөнінде пікірлер айтылып, қызықты әңгіме өрбіді.
Әдістемелік көмек бойынша бұл басқосуға 18 мектеп кітапханашысы қатысты. Барлық тақырыптарға сай, өтілген сабақтары өте жоғары деңгейде өтіп, жас кітапханашы мамандар тәжірибелі де білікті әріптестерінен көп нәрсе үйренді.
Басқосу соңына қарай әр білім ордаларынан келген мектеп кітапханаларының жаңадан келген мамандары өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оларына татымды жауаптар алып, ризашылықтарын білдіріп тарқасты.