ТУРИЗМ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАЙТЫН ЖАЛҒЫЗ ОҚУ ОРНЫ ТҮРКІСТАНДА

Ел Президенті өз Жолдауларында әлемде туризм индустриясын дамыту арқылы мемлекеттік бюджетінің айтарлықтай бөлігін жауып отырған мемлекеттердің қатары арты келе жатқанын, олардың жанында географиялық жағдайы, этнографиялық құрамы, тарихи-архитектуралық жәдігерлері, рухани-танымдық ескерткіштері, басқа да артықшылықтары бар Қазақстанда туризмді дамыту маңызды екенін атйқан. Бірнеше жылдан бері елімізде туризм салаларын дамыту бойынша елеулі жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі Қазақстан бойынша туризм салаларына мамандар даярлайтын жалғыз бейінді жоғарғы оқу орны Түркістан қаласында ашылып, мамандар даярлауда.
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті — туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, 40%-ын оқу орнында өткізеді. Бұл туралы брифингте аталған университет ректоры Әлібек Шоқпаров мәлімдеді.
«Университетте қызмет көрсету саласындағы халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлерінің қатарына кіретін оқытушы профессорлар сабақ береді. 2024 жылдан бастап 3 жылдық оқыту жүйесі іске асырылуда. Сабақтың тәжірибелік бөлігі туризм саласындағы мекемелер, қонақүйлер, туристік фирмалар, мұражайлар, әуежайлар және мейрамханалар базасында ұйымдастырылады. Осы бойынша дуальды оқыту жүйесі іске асырылуда. Биыл университетті алғашқы 460 түлек бітіріп, олардың 57%-ы үш ай ішінде жұмысқа орналасты. 2022 жылы оқу орны жанынан Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру. Ал, 2023 жылы универиситет қабырғасында әскери кафедра ашылды. Ол жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда және олардың ұлттық бірегейлігін нығайтуда маңызды рөл ойнайды», деді университет ректоры.
Міне, осындай халықаралық талаптарға жауап бере алатын туризм саласының жоғарғы оқу орны орналасқа Түркістан облысында туризмнің барлық салаларын дамытуға мүмкіндік мол. Облыс аумағындағы аудандардың географиялық жағдайлары алуан түрлі, архитектуралық, тарихи, танымдық, рухани, мәдени жәдігерлер де жеткілікті. Туризмнің басқа салаларын дамытуға да мүмкіндіктер бар.
Елімізде туризм саласын дамыту мақсатында бірқатар бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айтқанда, туристік нысан аумағы мен оған баратын жол бойында орналасқан санитарлық гигиеналық тораптарды күтіп ұстау мақсатында мемлекет тарапынан ай сайын 83 300 теңге көлемінде қолдау шарасы көрсетіледі.
Осыған орай Бәйдібек ауданы әкімдігі тарапынан Ақмешіт үңгірі аумағына заманауи типтегі (модулді) мүгедектерге, ерлер мен әйелдерге арналған жеке кабиналары және қоймасы мен дүкенге арналған орны бар әжетхана орнатылады.
Әжетхана әкімдік тарапынан қызығушылық танытқан кәсіп ашуға ниетті азаматтарға сенімгерлік басқаруға беріледі. Осы арқылы санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстағаны үшін, мемлекет тарапынан берілетін ай сайын 83 300 теңге көлемінде қолдау шарасын пайдалана отырып, қосымша дүкен ашып, табыс табуына мүмкіншілігі бар.
Қойылатын талаптар:
1. Санитарлық гигиеналық торапты жеке гигиеналық құралдармен жабдықтау;
2. Заманауи типтегі (модулді) әжетхананың айналасында ағын судың болмауына байланысты, гигеналық санитарлық талапты сақтау мақсатында арнайы су таситын техникамен қамтамасыз ету;
3. Туристік нысанға келуші шет елдік туристерге қызмет көрсету үшін, мемлекеттік тілден бөлек орыс және мүмкіндігінше ағылшын тілін меңгеру шарт;
4. Әжетхананың айналасында қоқысты болдырмау, тазалықты қатаң сақтау;
5. Қосымша дүкенді тиімді пайдалану арқылы өз кәсібін кең көлемде дамытып, табыс табу.
Қызығушылық танытқан жағдайда 8 778 896 10 27 байланыс нөміріне хабарласуға және Шаян ауылы, Шәкәрім көшесі №1А мекен жайында орналасқан Бәйдібек аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінен толық ақпарат алуға болады.