АЗИЯДАН — 6 МЕДАЛЬ, ӘЛЕМДІК ЖАРЫСТАН АЛТЫН МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

0
64

Мемлекеттік Жастар саясатында алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында Түркістан облысында жүйелі жұмыс жасалынып келеді. Соның ішінде жастардың денсаулығы мықты, шымыр болып өсуінің кепілі –спорт саласында да жетістіктер аз емес. Таяуда ғана өткен Азия чемпионатында, самбо күресінен әлем чемпионатында және дзюдодан өткен облыстық ашық турнирде түркістандық жасөспірімдер мен жастар жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Өзбекстанның Самарқан қаласында академиялық ескек есуден Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 13 елден 268 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында 35 спортшы болса, оның 12-сі Түркістан облысының өкілдері болды. Түркістандық спортшылар түрлі сындарда 2 күміс, 4 қола медальға ие болды.
W8+ командалық сайысында жерлестеріміз – Мария Лебедева, Ангела Полянина, Мелани Жакупова, Валентина Волкодавова күміс медаль еншіледі. Ал LW4x бағдарламасында Кеңес Роза күміс жүлдеге қол созды. Сондай-ақ қола жүлдегерлер қатарында Әділет Керімбек (LM2x бағдарламасы), Қуаныш Бекбембетов (LM4), Ангела Полянина, Мелани Жакупова (В4-), Галкин Владислав, Чернухин Иван (M4x) сынды таланттар бар.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 11-13 қазаны аралығында Европаның Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында жастар арасында самбо күресінен әлем чемпионаты өтті. Айтулы додада бақ сынаған Сарыағаштық бозбала Еркебұлан Ахат 58 келі салмақ дәрежесінде қатысып қарсылыс шақ келтірмей чемпион атанды.
Еркебұлан Ахат ауданға қарасты Ақниет елді мекеніндегі №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ІІІ-курс студенті.
Самбо күресімен 10 жылға жуық білікті бапкер Жанәділ Алдияровтан тәлім алып, әлем біріншілігінің шыңын бағындырып отырған Еркебұланға, жаттықтырушысына және №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымына жеңістеріңіз құтты болсын дейміз!
Қазан айының 11-12 күндері, Шардара қаласында дзю до күресінен 2012 – 2014 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында өтетін Ұлы отан соғысының ардагері атамыз Шайманов Мамадиярды еске алуға арналған IV – облыстық ашық турнирі өтті. Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен кіл мықты командалар өз бақтарын сынады. Жарысты ашып беру үшін алғашқы сөз кезегін Шардара ауданы әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы сөз сөйлеп, турнирдің мақсатымен жарыстың таза өтуін айтып, командаларға жеңістер тіледі.
Осы тартысты өткен жарыста І-орынды Шардара ауданы, ІІ-орынды Ордабасы ауданы, ІІІ-орын Қазығұрт ауданыны иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаз командаларға кубок, грамота, медаль тағы басқа сый-сияпаттар табысталды.