АУЫЛ БАЛАЛАРЫ БІЛІМ МЕН СПОРТТА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

0
146

Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жоспарлы да тиянақты жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді. Облыс орталығы мен өңірлерде жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, спорттың түрлеріне ынтасын арттыру, және құқық бұзушылық, тәртіпсіздік, вандализм, тағы басқа қылмыстық жолға түсетін әрекеттерден сақтандыру бойынша көптеген нәтижелі әстер атқарылуда.
Мәселен, облыстың Түлкібас ауданында таяуда білім бойынша өткен республикалық пәндер олимпиадасы өткізілді. Ал өңірлік ауыл балалары арасында өткізілген лига жарысында түлкібастық балалар жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сонымен бірге Түлкібас ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жастарды қылмыстық жолдан, тәртіпсіздіктен сақтандыру, заңға мойынсұнатын азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтер ұйымдастыруда.
Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 2024 жылдың қазанның 9-10-11 күндері өтті.
Олимпиаданың мақсаты: ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау; оқушылардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын арттыру; теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету;
Олимпиада 9,10,11 қазан күндері Қазақстан республикасы Оқу ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бекіткен кестесі негізінде өткізілді. Олимпиада ережесінде көрсетілген 13 пән бойынша Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты мектептерден — 1037 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Ауыл олимпиадасына қатысқан дарынды оқушыларымыз топты жарып шығатынына сенім білдіреміз.
«AUYL SPORT- 2024» өнірлік ауыл балалары арасында өткен лигада ауданымыз жүлдегер атанды. 2024 жылдың 12-13 қазан күндері Түркістан қаласында ауылдық елді мекендерде спортты дамыту, спортқа құмар ауыл балалары мен жасөспірімдерге қолдау көрсету мақсатында «HALYK» қайырымдылық қорының тікелей бастамасымен «AUYL SPORT – 2024» Түркістан облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік лигасы өткізілді.
Лига жарысы еркін күрес, бокс, каратэ, шахмат, баскетбол, волейбол спорттың 6 түрінен сынға түсті.
Жарыс нәтижесінде бойынша түлкібастық ауыл балалары:
Еркін күрестен 6 салмақ дәрежесінен 2-алтын, 2-күміс, 4-қола медаль;
Бокстан 6 салмақ дәрежесінен 3-алтын, 1-күміс, 2-қола медаль;
Баскетбол қыздар арасында жүлделі І орын;
Волейбол ұлдар арасында жүлделі І орын;
Шахматтан қыздар арасында жүлделі І орынды иеленді.
Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ауылдар мен елді мекендердегі жастарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес полиция түнгі рейд жұмыстарын жалғастыруда.
Түлкібас аудандық полиция бөлімі біргелікті бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес қазан айында түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде .
Басты мақсат кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайларынан тыс жерлерде-компьютерлік ойынханаларда, мейрамхана және тойханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайдылық танытатын ата-аналарды анықтап,тиісті шаралар қолдану.
Ұйымдастырылған іс-шара барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді, заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға мүлдем темекі бұйымдарымен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.