ЖАСТАРҒА ТӘЛІМДІ ТӘРБИЕ БЕРУ БАСТЫ МАҚСАТ

0
63

Түлкібас полиция бөлімінің ұйымдастыруымен “Алғабас” жалпы орта білім беру мектебіңде өзекті мәселелер бойынша құқық бұзушылықтың алдын алып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, улы заттардан қорғау, алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, зорлық-зомбылықтың, буллинг, лудомания, кибербулинг бойынша сауалнама алу және салауатты өмірді насихаттау бағытында “тәрбиелі қоғам” семинар-тренингі жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 10-11 қазан күндері аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Б.Өтеген, Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімі «Руханият орталығы» директоры Қ.Елеуов «Жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттерімен және Ломоносов мектеп-гимназиясы, Абай мектеп-лицейі, Дауан, Майлыкент, Жанкент, Мұратбаев, Садықов, Науайы, Түркібасы жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектігі бар жандарға деген қарым-қатынасымен айқындалады. Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында Президентіміздің жарлығымен қазанның екінші жексенбісі «Мүгедектер күні» болып жарияланды.
Осы атаулы күнге орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Өмірді сүй» атты мәдени, әдеби-сазды мерекелік шара өтті.
Салтанатты шарада этномәдени орталықтарының және мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге өнерлі ерекше зәрулігі бар жандар сахынада өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.
«Қандай қиындық болмасын төзімділік танытып, мойымай, алдыға қойған мақсаттарына нық қадам басып жүрген Сіздер әр қашанда біздің мақтанышымызсыздар. Алдағы уақытта жақсылықтардың ғана куәсі болып жүре берулеріңізге тілектеспін. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт пен шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін»-деп, Ербол Орманов шараның ашылу салтанатында өз құттықтауын жеткізді.
Концерттік бағдарлама барысында ерекше зәрулігі бар жандар ән айту, би билеу, ұлттық аспаптарда ойнау, өленді мәнерлеп оқу сынды өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Іс-шараға белсенді қатысқан жандар және ауданымызда қоғамдық жұмыстарға етене араласып жүрген мүгедектігі бар азаматтар аудан әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетерлік, 2024 жылдың 1 қазанына ауданда 5 534 мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұр, ауданның жалпы тұрғындарының 5,2% құрайды.
Сол сияқты жерлесіміз, Кемербастау ауылының тұрғыны Әбілхайыр Ақмейір Маханбетғалиқызы «Miss Turkistan 2024» облыстық байқауының «Вице-мисс» титулын жеңіп алды. Түркістан облысынан қатысқан арулар арасында түлкібастық ару өзінің сұлулығымен, ақыл-парасатымен әділқазылардың оң бағасына ие болған еді. Ақмейір ән шырқап, тартымды болмысы сарапшыларды таңқалдырып сән-салтанатымен тәнті етті.
Жас арудың талабы таудай, арманы асқақ.