«ТАЗА СУ» ҰЖЫМЫНДА БОЛЫП, ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

0
62

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асырудағы мақсаттардың бірі ауылдық жерлердегі елдімекендердің инфрақұрылымдарын жүргізіп, әлеуметтік нысандар салуды қамтиды. Мемлекет басшысы айтқандай елдімекендердегі асуызсу, табиғи газ, электр куаты мен автокөлік жолдарының сапасын жақсарту, денсаулық, білім мекемелерін, басқа да әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етіп, олардың қолжетімдігін жақсарту арқылы қала мен ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының деңгейін теңестіруге қол жеткізу. Бұларды жүзеге асыру ауыл мен қаланың өмір сүру қолайлығының деңгейін бірдейлеп, қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін жоғарылату болып табылады. Түркістан облысында бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде іске асырылуда.

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев “Таза су” мекемесінің ұжымымен жиын өткізіп, басшысы Асан Құрымбек атқарған жұмыстары мен жоспары туралы баяндама жасады.

«Таза су» мемлкеттік коммуналдық кәсіпорны 46 елді мекенге суды таратушы желілер арқылы суды беру қызметін көрсетеді. Атаған 46 елді мекендерінде абонент саны 12428, немесе 65121 халықты ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы сапалы ауыз сумен халықты қамтамасыз ету бірін орында болу керектігін айтып, барлық бақылаушыларға су есептегіш құралдарын түгел тексеріп, істен шыққандарын түгелдей ауыстыруға тапсырма берді.

Сондай-ақ аудан басшысы “Таза су” мекемесінің техникаларын көзбен көріп, қолда бар техникаларды жақсылап күтіп ұстауды, алдағы уақытта қандай қажетті техникаларды алу жоспарланды. Сала орынбасарына ұсыныстар беруді тапсырды.

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Төрткүл, Жеңіс, Бөген ауыл округтеріне жұмыс сапарымен барып дәрігерлік амбулотория , табиғи газ тарту және салынып жатқан білім ошақтарының құрылыс жұмыстарын көрді.

Сонымен қатар, аудан басшысы сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне фельдшерлік акушерлік пунктті, мектептерді белгіленген мерзімде аяқтауды, құрылысшыларға жұмыс қарқынын арттыруды, газ тартудағы түйткілді мәселелерді тездетіп шешуді және материалдардың сапасына баса назар аударуды тапсырды.

Сонымен біре аудан әкімі Азат Оралбаев сала бойынша орынбасары және бөлім басшыларымен бірге Темірлан ауылындағы орталық көшелерді аралады.

Орталықтағы Абасов, Рысқұлов көшелерін көзбен көріп, орын алып жатқан кемшіліктер жөнінде жауапты бөлім мен мекемеге орындау үшін мерзімін белгілеп, нақты тапсырмалар жүктеді. Қажымұхан ауыл округ әкіміне құрылысы жүргізіліп, аяқсыз тұрған ғимараттардың есебін ұсынуды тапсырды.

Аудан орталығы – бұл ауданның айнасы. Ең алдымен орталық көшелердің бойындағы сауда орындары, дүкендердің сыртқы келбеті мен тазалығына назар аудару керекпіз –деді аудан басшысы Азат Оралбаев.