“ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ БЕС КЕСЕЛ” ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

0
119

Жиырма бірінші ғасыр адамзаттық құндылықтарды сақтау қиындаған, әлемнің әр түкпірінде адами қасиеттерден жұрдай түрлі бағыттар пайда болып, интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы жас ұрпақты улап, елітіп ертіп әкетіп, ұлттық тәрбиеден ажыратуға бағыт ала бастаған күрделі кезеңде Ұлт болмысының негізін сақтап қалатын басты діңгек — ұрпақ тәрбиесі екені даусыз. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізде ата-аналардың жауапкершілігі идеясын ілгерілетуге бағытталған қоғамдық бастаманы қолға алуды ұсынғаны баршаға аян.
Соған орай Түркістан облысы әкімдігі мен «БІЛІМ — ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ ұйымдастыруымен Түркістан қаласында республикалық «Қоғамға қауіпті бес кесел» атты ата-аналар форумы өтті. Облыстық форумға өңірдің әр ауданынан келген мыңнан астам ата-ана қатысты.
Панельдік сессияда Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова, «Білім-Инновация»Халықаралық қорының вице-президенті Арафат Нұрлақов, Түркістан облысы білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нышан Байғұтов, Түркістан облысы прокуратурасының басқарма басшысы Ақбұлан Алжанов, Облыстық мәслихат депутаты Сүлейменов Арыстанов, 25 жылдық тәжірибесі бар педагог, бала тәрбиесі бойынша эксперт-маман, 6 кітаптың авторы Елжас Ертайұлы, психолог, бала тәрбиесіне байланысты бірнеше кітаптың авторы Мөлдір Тоқжанова спикер ретінде баяндамаларын оқып, бала тәрбиесіндегі маңызды қағидаттармен бөлісті. Жиынға педагог-коуч, саналы ата-ана концептін зерттеушісі Ғалымбек Бермағанбетов модерторлық етті.
Өздеріңізге белгілі, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық Құралтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы құндылықтарға негізделген бірқатар өзекті һәм ауқымды тақырыптарды қамти келе, қоғамды меңдеген 5 кеселге тоқтаған еді. Осы орайда форум аясында өзекті һәм мазмұнды тақырыпты тарқататын спикерлер сөз алды.
Форумда спикерлер қоғамға қауіп төндіретін бес негізгі кесел бойынша өз ойларымен бөлісті. Нашақорлыққа байланысты қылмыстық істер, есірткі жарнамасы, ысырапшылдық, вандализм, агрессия, буллинг, эмоциялық буллинг, зорлық-зомбылық, ажырасу, лудомания сияқты тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, заңға енгізілген өзгерістер мен қаржылық сауаттылық мәселелері де жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар мұндай форумдардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі рөлін жоғары бағалап, осындай іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Форум отбасы мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуда маңызды қадам болды.
Ата-аналарды білім саласындағы озық трендтермен таныстырып, педагогикалық, психологиялық сауаттылық және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру бойынша баяндама жасады.
Аталмыш форум — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында өңірлерде кешенді түрде жүргізіле бермек.
Сондай-ақ, қазіргідей нарықтық қатынастар заманында барлық азаматтарды, оның ішінде жас ұрпақты қаржылық қатынастар мәселесін біліп-үйренуіне мектеп қабырғасынан бейімдеп түсіндіру, үйрету жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отырғаны белгілі. Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты №28 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің 4 жыл толуына орай агенттіктің жұмысын түсіндіру бойынша ашық сабақ өтті. Жиынға Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрпейісов Жандос пен Түркістан қаласы әкімі, Облыстық экономикалық тергеп тексеру департаментінің мамандары, қалалық білім бөлімінің басшысы, БАҚ өкілдері және оқушылар қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты оқушылар арасында кибергигиенаны арттыру, қаржылық сауаттылыққа бейімдеу, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жиын барысында облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары оқушыларға әлеуметтік желідегі алаяқтықтың алдын алу жолдарын түсіндірді. Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Саттарұлының айтуынша, Қаржылық мониторинг агенттігінің жүйелі жұмыс атқаруына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қолдау білдіруде.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі құрылған болатын. Агенттіктің негізгі міндеті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүргізу және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қаржылық мониторинг агенттігі құрылғалы бері елімізде елулі жұмыстар атқаруда.