«Таза аула» акциясы өтті

0
25
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза аула» акциясын қолдау, сонымен қатар ауданды көркейту, көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру мақсатында көктемгі ағаш егу жұмыстары өтті. Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына 300 түп қарағаш, айлант, теректер отырғызылды. Игі шараға аудан әкімімен бірге мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер бір кісідей атсалысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауданда дәстүрлі түрде күз және көктем мезгілдерінде тұрақты түрде ағаштар егілуде. Мақсатымыз – егілген ағаштар жасыл желек саябаққа айналып, болашақта біздің ұрпақтарымыз біздің еккен ағаштарымызды саялайтын болады, – деді Арман Абдуллаев.