Эмомали Рахмон Катар Әмірінің кеңесшісімен кездесті

0
6

23 маусымда Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Катар Мемлекеті Әмірінің Министрлер кабинетінің кеңесшісі Мохаммад әл-Атияны қабылдады, -деп хабарлады Тәжікстан Республикасының Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуге қатысты мәселелер талқыланды. Эмомали Рахмон Тәжікстан мен Катар арасындағы қарым-қатынастардың деңгейін жоғары бағалап, түрлі деңгейдегі, әсіресе жоғары деңгейдегі қарым-қатынастардың мазмұнына қанағаттанатынын жеткізді. Мохаммад әл-Аттия, ең алдымен, Тәжікстан Мемлекет басшысына Катар Мемлекеті Әмірінің сәлемін жеткізіп, сондай-ақ кездесу және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылау мүмкіндігіне қанағаттанатынын жеткізді. Әңгімелесу барысында сауда-экономика, инвестиция, энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге көп көңіл бөлінді. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңызды жолы ретінде ғылым, білім және жасанды интеллектті пайдалану салаларындағы ынтымақтастықты дамыту айтылды. Сондай-ақ жекелеген өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Бұған дейін Катар Тәжікстан азаматтарын осы елге визасыз кіре алатын елдер қатарына қосқан: Тәжікстан азаматтары Катарға визасыз кіріп, оның аумағында 30 күн бола алады.
Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өткен жылдың қаңтар айында Катар мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел президенттерінің қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін екіжақты ынтымақтастық туралы тоғыз жаңа құжатқа қол қойылған болатын.
Қол қойылған құжаттардың ішінде:
— Төтенше жағдайлар мен апаттарды жою саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
— 2024-2027 жылдарға арналған жоғары білім және ғылым саласындағы іс-қимыл бағдарламасы;
— 2024-2026 жылдарға арналған екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы;
— мәдениет, мұражай және қайырымдылық саласындағы келісімдер;
— қаржылық барлау ақпаратымен алмасу туралы меморандум;
— Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім;
— Еркін экономикалық аймақтар саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттар.
Бір жыл бұрын, 2023 жылдың маусым айының басында Катар Әмірі Тәжікстанға барған болатын. Сол кезде ынтымақтастық туралы 15 құжатқа қол қойылды.