Испания премьер-министрі Макронның Палестина мемлекетін мойындауын қолдады

0
41

Испания премьер-министрі Педро Санчес Франция президенті Эммануэль Макронның Палестина мемлекетін тану шешімін қолдады. Бұл туралы ол 24 шілдеде  әлеуметтік желісінде жазды.

«Францияның Испания мен басқа Еуропа елдерінің Палестина мемлекетін мойындауын қолдағанын құптаймын. Нетаньяху жойғысы келетін нәрсені қорғау үшін бәріміз бірге жұмыс істеуіміз керек», — делінген мәлімдемеде.

Санчес екі мемлекет құру Палестина-Израиль жанжалын шешудің жалғыз жолы екенін атап өтті.

Осы күннің басында Макрон 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясында Палестина мемлекетін мойындау ниетін жариялады. Ол бұл Газа секторындағы палестиналық-израильдік қақтығысты тоқтатуға, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды құтқаруға және оларға жан-жақты көмек көрсетуге көмектесетінін атап өтті.

Палестинаның вице-президенті Хусейн әл-Шейх Макронға мемлекетті мойындағаны үшін алғыс білдірді. Ол Францияның бұл қадамы елдің халықаралық құқыққа адалдығын көрсететінін баса айтты.

Сонымен бірге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл шешімді терроризмді ынталандыру деп санап, айыптады. Ал, Америка Құрама Штаттары Франция президенті Эммануэль Макронның Палестина мемлекетін тәуелсіз және егемен деп тану туралы шешімін қабылдамады. Бұл туралы Ақ үйдің мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 25 шілдеде  әлеуметтік желіде жазды.

«Америка Құрама Штаттары Макронның БҰҰ Бас ассамблеясында Палестина мемлекетін тану жоспарын үзілді-кесілді жоққа шығарады. Бұл ойсыз шешім тек палестиналық Хамас қозғалысын алға жылжытады және әлемді кері қайтарады», — делінген хабарламада.