Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға барады

0
9

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады.

Түркия Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Бурханеттин Дуран әлеуметтік желідегі жазбасында Қазақстан Президенті Тоқаев президент Ердоғанның шақыруымен 28-29 шілдеде Анкараға ресми сапармен баратынын хабарлады.

«Сапар барысында Түркия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңестің бесінші отырысы өтеді.Президент резиденциясында өтетін келіссөздер барысында екі ел арасындағы «кеңейтілген стратегиялық әріптестікті» дамыту және оны тереңдету шаралары талқыланып, ағымдағы жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасады. Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың келісім-шарттық негізін нығайтады», — деді Бурханеттин Дуран.