Польша «Ресей ықпалын» тексеретін комиссияны таратты

0
14

Польша Ресей мен Беларусьтің Польша саясатына ықпалын тексеретін комиссияны жою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бұйрыққа елдің премьер-министрі Дональд Туск 31 шілдеде қол қойды.

«Ресей мен Беларусьтің 2004-2024 жылдардағы Польша Республикасының ішкі қауіпсіздігі мен мүдделеріне ықпалын тексеретін комиссия жойылды», — делінген Монитор Полски үкімет бюллетенінің сайтындағы құжатта.

Әскери қарсы барлау қызметінің басшысы генерал Ярослав Струзик басқаратын комиссия құрамына Премьер-министр ұсынған 11 маман мен негізгі ведомстволардың басшылары кірді. Бұл премьер-министрдің көмекші органы болатын.

Комиссия жұмысы барысында үш баяндама дайындалды. «Ресей ықпалын» зерттеу туралы алғашқы құжат 2024 жылдың 30 қазанында ұсынылды. Нәтижесінде прокуратураға Ұлттық қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Антони Мацеревичке қатысты дипломатиялық опасыздық жасады деген күдікпен өтініш түсті. Комиссия дайындаған екінші баяндама құпияланды.

Бұдан бұрын, 10 мамырда Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженков Польша мен Балтық елдері Еуроодақта Ресейге және Беларуське қарсы ең қызу сыншыларға айналғанын мәлімдеген. Сонымен бірге ол Польша мемлекетінің бір кездері Варшава келісімінің тіректерінің бірі болғанына, ал Балтық жағалауы елдерінің шын мәнінде КСРО құрамында болғанына назар аударды.