Оңтүстік Корея президентінің рейтингі рекордтық минимумға жетті

0
100

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мённың рейтингі ол қызметке кіріскеннен бергі ең төменгі көрсеткішке — 51,1%-ға жетті, деп хабарлады оңтүстіккореялық Realmeter статистикалық қызметі 18 тамызда.

Сауалнама 11-14 тамыз аралығында телефон арқылы әңгімелесу арқылы жүргізілгені атап өтілді. Оған ел бойынша 18 жастан асқан 2003 сайлаушы қатысты.

Ли Чжэ Мённың рейтингі екі апта бойы төмендеп, рекордтық көрсеткішке — 51,1%-ға жетті. Осылайша, шілденің соңғы аптасында Оңтүстік Корея президентінің рейтингі 63,3 пайызды құрады. Тамыздың бірінші аптасында көрсеткіштер 56,5% болды.
Респонденттердің 44,5 пайызы президент жұмысына көңілі толмайтынын айтса, 4,5 пайызы бір шешімге келмейтінін айтқан. Президенттің қызметіне оң баға берген респонденттердің пайызы өткен аптамен салыстырғанда 5,4 пайызға төмендесе, теріс бағалағандар пайызы 6,3 пайызға өскен.

Деректерге сүйенсек, рейтингтердің төмендеуіне Кореяның азаттық күніне орай 2 188 тұтқынға жасалған арнайы рақымшылыққа байланысты көңіл күйі, акцияларды аудару салығына қатысты даулар және Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Юлдың түрмеге жабылуынан туындаған наразылық айтылған.

Бұған дейін 4 шілдеде президент сайлауында оппозициялық Корея Демократиялық партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён жеңіске жеткені белгілі болды. Ли Чжэ Мён 49,42% дауыс жинады.

4 сәуірде Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты ел президенті Юн Сок Юлға импичмент жариялады. Оңтүстік Корея президенті желтоқсанда қысқа мерзімді әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты қызметінен босатылды.