Ауғанстанда магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды

Ауғанстанда магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды, эпицентрі Бадахшан провинциясында. Бұл туралы 27 тамызда Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық болжамды бақылау орталығы өзінің Telegram-каналында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:57-де тіркелген. Ол 160 км тереңдікте болған. Эпицентрдегі жерасты дүмпулерінің күші 3 баллды құраған.
Сонымен бірге Өзбекстанның сегіз облысы мен Ташкентте жерасты дүмпулері 2 балл деңгейінде сезілді. Жер сілкінісі ошағынан 342 шақырым қашықтықта орналасқан Сурхандария облысының шекарасында 2-3 баллға жеткен.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
25 тамызда Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласының маңында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды. Алғашқы жер сілкінісі Өзбекстан уақытымен 22:59-да (Мәскеу уақытымен 20:59) тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 343 шақырым жерде орналасқан. Кейінірек, 26 тамызда ел аумағында 4,1 балдық тағы бір жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің күші 5 баллды құрады.
