Венада Ресей мен МАГАТЭ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

0
45

Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысы Алексей Лихачев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гроссимен кездесті. Бұл туралы ресейлік компанияның мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеге сәйкес, кездесу 15-19 қыркүйек аралығында Венада өтіп жатқан МАГАТЭ Бас конференциясының 69-сессиясы аясында өтті.

«Тараптар Ресей мен МАГАТЭ арасындағы ағымдағы және келешек ынтымақтастығының негізгі мәселелерін, соның ішінде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге байланысты талқылады. Ресей атом электр станцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Ресей атом өнеркәсібінің 80 жылдығы тақырыбы бөлек айтылды», — деп хабарлайды басылым.

«Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Венада өткен МАГАТЭ конференциясында сөйлеген сөзіне сәйекс, жаһандық атом энергетикасы саласы жаңғыруды бастан кешіруде. Оның айтуынша, 2050 жылға қарай атом электр станцияларының орнатылған қуаты екі еседен астамға артуы мүмкін.

Оның сөзі «Росатом» көрмесінің салтанатты ашылуы аясында айтылды. Көрменің ашылу салтанатына МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси де қатысты. Шара Ресей атом өнеркәсібінің 80 жылдығына орайластырылды және Ресей Федерациясының осы саланың дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Бұған дейін «Росатом» Венгрияда Пакс-2 АЭС салу жобасын жүзеге асыруды жалғастыратыны белгілі болды. Бұл шешім Еуроодақ сотының тыйым салуы аясында қабылданды. Компания бұл жобаның Венгрияның энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті.