Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

0
51
Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті.

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.