Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагеріне сенім грамоталарын табыстады

2025 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа сенім грамоталарын табыс етті.
Салтанатты рәсім барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның Сауд Арабиясымен жан-жақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін атап өтті.
Өз кезегінде Корольдіктің тақ мұрагері Қазақстанға және Мемлекет басшысына деген құрметі ерекше екенін атап өтіп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты және Қазақстан Президентіне өз сәлемін жеткізді. Сондай-ақ ханзада Мұхаммед бен Салман сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.
Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылы Қазақстан Үкіметі Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметімен инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы келісімді бекітті.
Келісімде айтылғандай, әрбір уағдаласушы тарап мүмкіндігінше екінші тараптың инвесторларының өз аумағындағы инвестицияларын ынталандырады және оның қолданыстағы заңнамасы бойынша, оның ішінде шетелдік меншікке және бақылауға қатысты өз өкілеттіктерін жүзеге асыру құқықтарын ескере отырып, мұндай инвестицияларға рұқсат береді.
Екінші тараптың инвесторларына және олардың инвестицияларына осындай жағдайларда уағдаласушы тарап өз инвесторларына бергеннен кем емес қолайлы режим ұсынылады.
