Telegram Қазақстанда жасанды интеллект зертханаларын ашады

0
53

Астанадағы Digital Bridge форумында, Telegram Қазақстанда жасанды интеллект зертханаларын іске қосады, деп хабарлады мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров. Бір жыл бұрын мессенджер де еліміздегі алғашқы аймақтық кеңсесін ашқан болатын.

«Бүгін мен Alem.Ai ғимаратында жасанды интеллект зертханаларының ашылғанын мақтанышпен жариялаймын. Бірінші жоба Telegram мен қазақстандық суперкомпьютер кластерінің ынтымақтастығы болмақ. Ол осы жерде Жасанды интеллект министрлігінің қолдауымен іске қосылады. Атап айтқанда, Қазақстанда», — деді Дуров.

Оның айтуынша, тараптар блокчейн мен нейрондық желілерді біріктіретін жаңа технология бойынша жұмыс істейді.

«Бұл технология бір миллиардтан астам адамға орталықтандырылмаған компьютерлік жүйе арқылы жасалған жасанды интеллект функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді», — деп қосты Telegram негізін қалаушы.

Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Мемлекет басшысы Telegram-дың еліміздің цифрлық күн тәртібін дамытуға қолдау көрсету күш-жігерін жоғары бағалады», — делінген хабарламада. «Өз кезегінде Павел Дуров Қасым-Жомарт Тоқаевты жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары туралы хабардар етті».

Павел Дуров Қазақстанға 2024 жылдың жазында келген болатын. «Ел бизнеске қолайлы саясаты мен салық жеңілдіктерімен халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды тартады. Сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерге қолдау көрсету арқылы білім мен ғылымдағы позициясын нығайтып отыр», — деп жазды Telegram негізін қалаушы сол кездегі өз арнасында. Ол Қазақстанның 20 миллион тұрғынының 12,5 миллионы Telegram-ды ай сайын қолданатынын атап өтті.