Қазақстан ТМД елдерімен 2026–2030 жылдарға арналған еңбек стандарттары саласындағы ынтымақтастықтың тұжырымдамалық негіздерін келісті

0
50

2025 жылғы 2 қазанда Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің еңбек нормалары саласындағы 2026–2030 жылдарға арналған ынтымақтастығының тұжырымдамалық негіздерін және осы мәселе бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің шешімін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарының жобасын үйлестіру жөніндегі сарапшылық топтың отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар мүше мемлекеттерден келіп түскен ескертулерді қарастырып, талқылау қорытындысы бойынша құжаттар жобалары бойынша келісті. Бұл құжаттар белгіленген тәртіппен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің қарауына ұсынылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің еңбек стандарттары саласындағы ынтымақтастығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі Шешімінде қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің еңбек стандарттары саласындағы ынтымақтастығы туралы тұжырымдамалық негіздемеге және оны жүзеге асыру бойынша негізгі іс-шаралар жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

2026–2030 жылдарды қамтитын Жоспар жобасы 2025 жылдың соңына дейін қолданыста болатын ұқсас құжаттың жалғасы болады. Оның негізгі мақсаттары еңбек стандарттары саласындағы ұлттық интернет-ресурстарды дамыту, еңбек стандарттарын реттейтін ақпарат алмасу, еңбек стандарттарын жаңарту, осы саладағы кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру, еңбек нарығының тұжырымдамалық тәсілдерін қалыптастыру контекстінде бірлескен зерттеулер жүргізу болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде тақырыптық конференциялар мен семинарлар өткізу, ғылыми-практикалық мақалалар жинақтарын шығару.

Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi консультативтік кеңес Жоспардың практикалық жүзеге асырылуын үйлестіреді деп жоспарлануда.

Жоспар жобасын тиімді іске асырудың негізгі критерийлері — еңбек өнімділігін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған еңбек стандарттары жүйесін жетілдіру және адам ресурстарын тиімді басқару болады.