Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

0
38

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопия Президенті Тайе Атске-Селассиеге сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсім барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен жылы лебіздерін жеткізіп, Қазақстанның Эфиопиямен жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Эфиопия Президенті Қазақстан мен Эфиопия арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Елшінің дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

Эфиопия Қазақстанның даму тәжірибесін зерделеуде, халықаралық ұйымдарда екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды арттыруға ниет білдіруде. Эфиопиялық тарап Қазақстанның саяси және экономикалық реформаларды жүргізудегі табысты тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, эфиопиялық сарапшылар Қазақстандағы этносаралық және дінаралық диалогтың тиімділігіне назар аударуда.

Анықтама үшін: Эфиопияның СІМ жүйесінде министрдің орынбасарының екі лауазымы бар, олардың біреуі саяси және экономикалық ынтымақтастыққа, екіншісі қаржылық және хаттамалық мәселелерге жауап береді.

Эфиопия – ашық теңізге тура шыға алмайтын әлемдегі ең ірі ел, 120 миллион халқы бар Африканың екінші ірі елі, 55 мемлекет мүше ететін Африка одағының саяси орталығы болып табылады.