Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы тағайындалды

0
34

Иранның Сарапшылар кеңесі елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысының есімін жариялады. Бұл қызметке Моджтаба Хаменеи тағайындалды.

«Көшбасшылық жөніндегі Сарапшылар кеңесі көпшілік дауыспен аятолла Хадж Сейед Моджтаба Хаменеиді Иран Ислам Республикасының үшінші көшбасшысы етіп тағайындады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Сарапшылар кеңесінің мүшелерінің бірі Иранда елдің Жоғарғы көшбасшысы қызметіне үміткер анықталғанын мәлімдеген еді. Алайда ол елде «әскери жағдай» барын атап өткен.

Али Хаменеидің қазасынан кейін Иранды уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқарған. Оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституция сақшылар кеңесінің мүшесі аятолла Алиреза Арафи кірген.