Жастар орталығынан түркияға 3 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

0
168
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, еріктілер тобы зардап шеккендерге қажетті құралдар (көрпе-төсектер, балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары, қысқы киім-кешектер және т.б тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар) жинақтап, Түркістан әуежайына жөнелтті. Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облыстық Жастар орталығында, Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек беремін деушілерге штаб ашылған болатын. Алдағы уақытта штаб өз жұмысын жалғастыра бермек. Кез-келген азамат өз мүмкіндігінше көмек бере алады.
?Байланыс нөмірі: +7 707 782 2525 Ораз, +7747 903 99 24 Айкерім.
Қажетті заттарды қабылдау уақыты: 9.00-19.00.
?Мекен-жайымыз: Байбұрт көшесі, 5.