Түркістан мен Өзбекстан қолөнершілері арасында меморандум жасалды

Түркістан қаласы мен Өзбекстан Республикасы Ферғана облысының қолөнершілері арасындағы іскерлік байланыс нығая түспек. Түркістан қаласынан арнайы барған делегация ферғаналық «Hunarmand» қолөнершілер бірлестігімен меморандумға қол қойды. Меморандум аясында Түркістандық қолөнер шеберлері ферғаналық қолөнершілермен тәжірибелік біліктілігін арттырмақ. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында арнайы қолөнершілер бірлестігі құрылып, жүйелі жобалар жүзеге асырылады. Келісім аясында, қолөнершілер өндірісте жаңа технологияларды қолданып, қолөнер бұйымдарын жасауды үйренуге Ферғана, Самарқанд қалаларында арнайы білім алуына мүмкіндік ала алады. Бүгінде меморандум аясында қарқынды жұмыстар басталып, қолөнер бұйымдарын тікелей жеткізу жолдары келісілді.