Түркістандық спортшы гір тасын көтеруден қазақстан рекордын жаңартты

Астана қаласында 24-26 ақпан аралығында гір тасын көтеруден Қазақстан чемпионаты өтті. Біріншілікке еліміздің 12 өңірінен 300-ден аса кіл мықтылар жиналып, бақ сынасты. Кіл мықтылар бәсекесінде Түркістан облысының спортшылары жүлделі орындардан көрінді. Ересектер арасында 73 келі салмақ дәрежесі бойынша созақтық Қобыланды Орынбасаров 1-орын иеленіп, 32 келілік екі гір тасын 83 мәрте көтеріп республика бойынша жаңа рекорд орнатты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Сабыр жастар арасында 1-орын алып, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Әуесқойлар арасында 68 келі салмақ дәрежесі бойынша Орынбасар Баби мен жасөспірімдер арасында 53 келі салмақта Бақыт Мақсатұлы 1-орын алды. Ал 68 келі салмақта Айдын Тауыпалды мен 48 келі салмақта Тілеген Өскен 2-орынға табан тіреді. Спортшыларға гір тасын көтерудің қыр-сырын үйретіп жүрген жаттықтырушылары — Мұрат Серікбаев пен Бақтан Тұрсынбаев екенін айта кеткеніміз жөн.