Кентау-Ащысай бағытындағы жол жөндеуден өтіп жатыр

Сауран ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысы шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-Р-31» автомобиль жолының 92,8-124,1 шақырым аралығы орташа жөндеуден өткізіліп жатыр. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен іске асуда. Нысанның жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған. Мердігер мекеме — «Югдорстрой» ЖШС-і. Бүгінгі таңда ауа райының қолайлы болуына орай жобада қаралған 31 су өткізгіш құбырларының 6 данасы ауыстырылып, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жыл соңында толық аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған.