Түркістан облысында бір аптада екінші үшем дүниеге келді

Түркістан облысының № 3 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Бір ұл, екі қыз дүние есігін ашты.
Жаңа туған нәрестелерге Мерей, Мансур, Мейірім есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2900 гр, 2420 гр және 2500 гр болды. Дәрігерлердің бақылауындағы балалардың жағдайы жақсы.
Үшем бір отбасына ғана емес, өңірге қуаныш сыйлап отыр. Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге денсаулық пен ұзақ өмір тілеп, үйлеріне шығарып салды.