Түркістандық жас самбошылар ел чемпионатында 6 медаль олжалады

Алматы қаласында самбо күресінен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Аталған чемпионатта Түркістан облысынан 88 келі салмақта жеңімпаз атанған жерлесіміз Нұрхан Жамалхан бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, 46 келіде Бәтен Мұхаметжан сынға түсіп, күміс алқа иеленді.
Сонымен қатар, 46 келіде сынға түскен жерлестеріміз Руслан Сейдуалиев мен 49 келідегі Жүрсінхан Тасмұрза, күресте өзінің талантымен танылған 64 келідегі Айдар Дархан, 79 келіде күрескен Нұрасыл Жұмабай қола жүлдегер атанды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 1-4 мамыр аралығында Атырау қаласында өтетін Азия Кубогіне жолдама алып, өзара бақ сынасады.