Жетісайда жол жөндеу барысында жіберілген кемшіліктер қалпына келтіріледі

0
198
«Facebook» әлеуметтік желісінде жарияланған «Жыззақ-Гагарин-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» А-15 автожолының Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округіндегі бөлігіне қатысты сыннан кейін Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов жергілікті тұрғындармен кездесті.
Төселген асфальттың қалыңдығы мен ені өлшеніп, мердігерлер тарапынан жіберілген кемшіліктер анықталды. Енді алдағы уақытта «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы 47 шақырымды құрайтын А-15 автожолының Өзбекстан Республикасының шекарасынан Жетісай қаласына дейінгі аралығындағы жолды қайта жөндеуден өткізеді. Атап айтқанда, асфальттың үстіңгі қабаты фрезерленіп, қалыңдығы 5 см, ені 6 метрді құрайтын асфальт-бетон төселетін болады.
Сонымен қатар, асфальт-бетонның қалыңдығын тексеру үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалының зертханасы жұмылдырылмақ.