Жыл басынан бері Түркістан қаласына 130 503 турист келген

0
159
Жуырда облыс орталығында жаңа туристік маусымның ашылуы өтіп, өңірге келушілер қатары артуда. Түркістан қаласына жыл басынан бері 130 503 турист келген. Түркістан қалалық «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің»басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуінше, оның 129 645-і ішкі туристтер болса, 858-і шет елдік қонақтар.
Бүгінде шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. 2023 жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны — 57 бірлікті құраған. Ал, демалыс нөмірлерінің саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке көбейген.
Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түспек.