Елордада субұрқақтардан инфекция анықталды

0
211

  Нұр-Сұлтанда шомылу маусымының басталуына байланысты энтеровирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны 2,6 есе өскен.

Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Абай және Жеңіс даңғылдарының қиылысында орналасқан су бұрқақтан вирусологиялық көрсеткіштер бойынша энтеровирус рибонуклеин қышқылы (РНҚ) анықталған.

Ауа райының жылынуына және шомылу маусымының басталуына байланысты елордада соңғы екі аптада энтеровирустық инфекциямен сырқаттану көрсеткіші 2,6 есе өсті. Жалпы жыл басынан бері 453 адам ауырып қалды,

— делінген хабарламада.

Эпидемиялық маусымда балалар арасында энтеровирустық инфекцияның көп таралуына негізінен су қоймаларында, бассейндер мен субұрқақтарда шомылу себеп болады.

Балалар, сондай-ақ иммун тапшылығы бар немесе басқа сырқат түрлерінен әлсіреген адамдар бұл инфекцияға көбірек бейім. Жыл басынан бері тіркелген барлық жағдайдың 98% немесе 443-і 14 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі уақытта 63 бала ем алуда,

— делінген хабарламада.

Тегтервирус