Сарыағаш қаласындағы аялдамалар жаңартылып жатыр

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының әкімі М.Доспуловқа инвесторларды тарту арқылы қала аумағындағы ескірген аялдамаларды жаңарту бойынша арнайы тапсырма берген болатын.
Бүгінде сол тапсырма жүйелі іске асып жатыр. Осы орайда, аудан әкімі С.Исмайлов көшесі бойындағы М.Әуезов жалпы орта мектебіне қарсы бетте құрылыс жұмыстары аяқталған аялдамаға барды.
Автобус аялдамасы жолаушылардың қоғамдық көліктерді күтуіне ыңғайлы етіп жасалған. Әкім өз сөзінде алдағы уақытта Сарыағаш қаласы аумағындағы ескірген аялдамаларды жаңарту мақсатында инвесторларды тарту жұмыстары жалғасатынын мәлім етті.
Қазіргі таңда Сарыағаш қаласы аумағында тіркелген жалпы 40 аялдама бекеті бар. Соның ішінде мемлекеттік – 4, Тазалық МКК меншігінде – 7 және кәсіпкерлік мақсатта — 29.