Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

0
108
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс активіне бірінші орынбасарын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Зұлфұхар Сансызбайұлы Жолдасов тағайындалды.
Зұлфұхар Жолдасов 1976 жылғы туылған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «эколог» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын прокуратура саласынан бастаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарған. Осыған дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратында өңірлерді дамыту бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
Зұлфұхар Жолдасов бірінші орынбасар ретінде сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, бақылау жөніндегі басқармаларының жұмыстарына жетекшілік ететін болады.