Екі адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алған: Түркістан облысында белгісіз біреулер оқ атып, қашып кеткен

0
132

5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен.

Полиция ақпаратынша, қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. «Ұстау» жоспары құрылып, күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.