Түркістан облысында 200 мыңнан астам бала жазғы лагерьлерде демалды

0
187
Биылғы 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерьлері қызмет көрсетті. Оның ішінде 7 мемлекеттік, 10 жекеменшік лагерьлер. Сонымен қатар, қала сыртындағы лагерьлерге – 41 597 бала, мектеп жанындағы лагерьлерге – 153 000 бала барды. Бұл жалпы бала санының 37%-н құрайды. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін, 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалды.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерьлерімен тегін қамтылды. Сондай-ақ, мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын – 330 лагерь, 580 ойын-сауықтыру алаңшалары балалар үшін тегін қызмет көрсетті. Қала сыртындағы лагерьлер 2022-2023 оқу жылында маусым айынының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетті.
Сондай-ақ, «Самал» лагерінде облыстағы екі отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 тәрбиеленуші жаз бойы демалыстарын сонда өткізді. Ал, 2023 жылы 1050 бала «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерьлерінде сауықтырылды.
Айта кетерлігі, бір баланың жазғы сауықтыру құны – 30 252 теңге.