Сауран ауданында жаңа емхана тәулігіне 500 адамды қабылдай алады

0
116
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлпыхар Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауыл округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі жаңадан салынған «AVICENNA-A» емханасы. Жобаға 2 млрд. 400 млн теңге инвестиция тартылған. Құрылтайшысы Әділбек Ұсманқұлов.
Емханада науқастарға барлық жағдай жасалынған. Онда ота жасау бөлмелері де бар. Сондай-ақ, заман талабына сай соңғы үлгідегі аппараттар қойылған. Жан сақтау бөлімі бір мезетте 4 адамды қабылдауға қауқарлы. Сонымен қатар, физиотерапия, оңалту, зертхана бөлмелері де қарастырылған. Емхана тәулігіне 500 адамды қабылдауға қауқарлы.
Емхана иесі қосымша құрал жабдықтарды алуға кәсіпкерлікті қолдау ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген 7 пайызбен 700 млн. теңге несие алған.