Түркістанда тағы бір зауыт іске қосылды

0
175

 Түркістанның іргесінде құрылыс материалдарын дайындайтын зауыт іске қосылды. Жаңа кәсіпорын темірбетон өнімдерін шығарады. Құрылысы қарқынды өңір үшін жаңа зауытта жаңа технология қолданылады.Нарықта өнімге деген сұраныс өте жоғары.Зауыттың жобалық құны 1 млрд. теңгеден асады. Оның тең жартысы инвестордың өз қаржысы есебінен, қалғаны жеңілдетілген несиемен жүзеге асқан. Жаңа жұмыс орнында 20-ға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жобаның келесі кезеңінде мамандар саны тағы артпақ. Ол кезде шығарылатын өнім түрлері 10-ға дейін көбейеді.

  Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 32 млрд. теңге құрайтын, 44 жоба іске қосылып, нәтижесінде 2 368 жұмыс орны ашылды. Биыл құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын 246 жаңа жұмыс орнын ашумен 6 жобаны іске қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда 793 млн. теңгеге 2 жоба іске қосылып,
36 жұмыс орны құрылды.
Жалпы өнеркәсіп өнім көлемін 2022 жылдың қорытындысымен 751,3 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

     Дерек сөз:  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі