Азия ойындарының жүлдегерін қошеметпен қарсы алды

Жеңіл атлетикадан ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Кобловты Шымкент темір жол вокзалынан жерлестері күтіп алды. Іс-шараға спорт мектебі басшылары, спорт жанкүйерлері қатысты.
Д.Коблов 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында 3-ші орын алған болатын. Биыл Ханчжоуда өткен бәсекеде де командалық сайыста (эстафета микс) қола жүлдегер атанды.
Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шоқан Әбдіхалықов жүлдегер спортшыны құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі.
Іс-шарада Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Коблов мұнымен тоқтамайтынын, келесі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалатынын атап өтті.
Айта кетсек, Д.Коблов халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 және 2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы.