Самарқанд-Түркістан бағыты бойынша әуе рейсі іске қосылады

0
135
14 қазаннан бастап Түркістан халықаралық әуежайы «Silk Avia» әуе компаниясының демо-рейсін қарсы алып, Самарқанд-Түркістан бағыты бойынша алғашқы рейсін орындайды.
Ұшу уақыты — 1 сағат 20 минутты құрайды. Билеттердің құны — бір бағытқа 36 мың теңгеден басталады. Тариф бойынша 5 келі қол жүгі және 20 келі багаж қарастырылған.
? Билеттер «Silkavia» мобильді қосымшасында және https://www.silk-avia.com сайтында қолжетімді.