Түркістан өңірінің жәдігерлері «Атамекен» орталығында таныстырылды

0
108
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Руханият — Әбу Насыр әл-Фараби музейінің «Түркістан өңірінің тұлғалары мен мұралары» көрмесі өтті.
Көрмеде көне Түркістан өңірінің тарихына байланысты және Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби, Ақжан Машанов, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Сүгір Әлиұлы, Шәмші Қалдаяқовтың жәдігерлері жасақталды. Өңіраралық мәдени-рухани байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған көрмені Қарасай ауданына қарасты білім ошақтарының оқушылары тамашалады. Түркістан төрінен жеткен көшпелі көрме көпшілік көрерменнің көзайымына айналды.