Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталды

0
113
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі туралы Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов айтты.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.
«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3- ші кезеңі басталды. Декларациялаудың бұл кезеңінде № 250.00-ші яғни «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны 2024 жылдың 1 қаңтар жағдайына бизнес өкілдері, яғни дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары ұсынатын болады.
Жалпы, қала аумағында 114 707 жеке кәсіпкер мен 29 262 заңды тұлға тіркелген. Бұл міндеттеме, «Әрекетсіз» мәртебесі бар жеке кәсіпкерлерге және Шымкент қаласындағы осыған ұқсас мәртебесі бар заңды тұлға басшыларына да қатысты болады, ондай тұлғалардың саны 10 715 құрайды. Сонымен қатар, өз қызметін тоқтатқан немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде тұрған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға басшысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көре алады»,- деді спикер.
Декларация тапсыру міндеттемесі туындаған тұлға 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты жері бойынша есептілікті ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электрондық түрде ұсыну: салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-Salyq Аzamat, еGov mobile немесе Halyk мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарында сақталған.
№ 250.00 «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларация жеке тұлғалардың ҚР-сында және оның шегінен тыс жерлерде болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналған: Яғни шетелдегі мынадай активтерді:
— жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін;
— көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелерді;
— әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді;
— ҚР тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
— шетел банкіндегі банктік шоттардағы барлық банктік салым бойынша жиынтық сомасы 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын ақшаны көрсету керек.
-Сондай-ақ декларацияда Қазақстандағы немесе шетелдегі мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
— тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды;
— бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдарын;
— цифрлық активтерді;
— инвестициялық алтынды;
— зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілерін;
— 10 000 АЕК-ке дейін (34 500 000), оның ішінде банк ұяшықтарындағы қолма-қол ақшаны;
— жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған қарыз шарттарын көрсету керек.
Қалауы бойынша құны 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын кез келген мүлікті – мәдени құндылыұтарды, қымбат заттарды, антиквариатты, биологиялық активтерді көрсетуге болады. Бірақ мұндай мүлікті тәуелсіз бағалаушыдан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін бағалау қажет.
Ал, Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын өз бетінше тексеру үшін келесі сайттарды пайдалануға болады.
1. Бағалы қағаздар бойынша https//portal.kacd.kz
2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша HTTPS//HOMEPORTAL.KZ
3. Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша HTTPS//gosreestr.kz
4. Сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша HTTPS//egov.kz/CMS/ru/services/pass077 mu