Үйірмеге үйірлердің қатары көп

Жастарды өнерге баулу жастайынан басталса керек. Жас шыбықты қалай исең солай қарай өсетіні сияқты жас өскіндерді де балғын бала шағынан бастап, мәдениетке, өнерге баулып, тәрбиелеу де бүгінгі аға буынның басты міндеті болса керек. Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан «Көркем сөз шебері» үйірмесі ашылды. Аты айтып тұрғандай жасөскіндерді көркем оқуға баулу болып табылады. Үйірменің негізгі мақсаты-оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым- қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау жұмыстарында шапшаңдық таныту. Өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру болып табылады. Жаңа үйірмеге қатысуға бейілділердің қатары көп. Аталмыш үйірменің ашылуына мектеп оқушылары мен ұстаздар және Жастар орталығының мамандары қатысты. «Көркем сөз шебері» үйірмесіне»Мың ырғақ» мектеп студиясының түлегі Батырбек Ахметов жетекшілік ететін болады. Бұл өз кезегінде жасөспірімдердің кітап оқуға деген құштарлығын оятары сөзсіз. Көркем әдебиетпен сусындап өскен жастардың жақын болашақта мәдениетті, қайырымды да қамқор болып өсері анық.
Нәтижесінде оқушылар әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ықыласы артады. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға қызығушылықтары артады. Алдағы уақытта үйірмеге қатысушылардың қатары артары анық.