Спорттық жарыс өтті

0
139

 

 

Баланың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін бүгінде өңірдегі мектептерде түрлі үйірмелер ашылып, жұмыс істеуде. Одан бөлек дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға түрлі бағыттағы жарыстар да ұйымдастырылады. Түркістан облысы, Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты И.Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың қаңтар айының 24 күні дене шынықтыру пәні мғалімі Ширимбаев Бейбіттің ұйымдастыруымен «Дені сау ұрпақ -жарқын болашақ» тақырыбында 2 сыныптар арасында спорттық жарыс өтті. Оқушылар жарысқа асқан қызығушылықпен қатысты. Әрі ұзақ дайындалды.

Жарыстың мақсаты — оқушыларға өз денсаулығын өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру, өз денсаулықтарына, тазалықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге тәрбиелеу болып табылады. Оқушыларға денсаулықты нығайтудың негізгі көрсеткіші ол спортпен айналысу екендігін түсіндірілді. Сондай ақ, денсаулық- баршаға ортақ ең басты байлық, өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды, көтеріңкі көңіл күй, үлкен бостандық, сергек қимыл екендігі айтылды. «Тәні саудың- жаны сау». Таңертең дене шынықтырумен айланысып, қимыл қозғалысы ширақ, жүріс-тұрысы өнегелі, бос сенделуден аулақ жүретін адамның организмі еш ауруға бой бермейді. Бой сергіту, таза ауа, таза су, таза тамақ көпшілік назарында болуы тиіс екенін түсінді.

Денсаулық — адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Ауруды ағзаларға жолатпау-адамдардың өз қолында екендігі де қоса айтылды. Бұдан бөлек, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 24.01.2024 күні үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы » асық ату, қол күрес, арқан тартыс сынып аралық спорттық сайысы болып өтті. Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Жарыс қорытындыланып жеңімпаздар марапатталды.  Жарысты өткізудегі негізгі мақсат -салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық ойынды дәріптеу . Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа,ептілікке,достық қарым-қатнасты нығайтуға, ортақ мақсатқа жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа шақыру болып табылады. Аталмыш жарысты ҚББП және дене шынықтыру пәні мұғалімі Б. Тоқаев пен Д. Манекеев ұйымдастырды. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы жарыстар жалғасын табатын болады.